Университет аруы — Университет сұлтаны

Біздің елдің жігіттері — жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы
Әлемі тұнық, әдемі қылық,
Арулар қандай арайлы

Студенттер сарайының төрінде «Университет аруы — Университет сұлтаны» байқауы дүркіреп өтті. Алғашқы күні зияткерлік байқауда қатысушыларға қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне қатысты сұрақтар қойылды. Сұлтандарымыз денені жерден көтеру жаттығуын жасап, ұлттық ойын желке тартыста күш сынасты. Аруларымыз дастархан сәндеуден сынға түсті. Келесі күні таныстыру, шығармашылық байқау, қатысушылар шеруі өте тартысты өтті. Екі күн бойы фотогалереяға қойылған қатысушылардың суреттеріне QR-код арқылы «Көрермен көзайымы» номинациясына дауыс беру жүргізілді.

Байқауға Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, «Studyfirst_kz» ағылшын тілі курсы, Ailin_collection мұсылман киімдер дүкені, k. e. r.b. e. z. қыздар қауымына арналған орамалдар дүкені, «Sunny shop» дүкені, «Richman» дүкені, Dana_dressroom, Vogue_models_krg, «Lenta_qaragandy» ленталар дүкені, «Coffe_D8» кофейнялар желісі, «Timecafe_pincode» дәмханасы, «Mumtaz_halal.krg» дәмханасы, pangeakz туристік компаниясы, rosmodel_krg сән агенттігі, Asi.kz.krg тігін шеберханасы және фотограф Бахтияр Рымбаев демеушілік көрсетті.

Өнер мен білім сынға түсіп, шығармашылыққа ерік берген бұл байқау жаңа есімдердің, таланттардың танылуына үлкен септігін тигізді. Дәуірбек Қосан «Көрермен көзайымы» номинациясының сұлтаны, Аружан Қабылтай «Көрермен көзайымы» номинациясының аруы атанды. «Батыр жігіт» номинациясын Құдайберген Хуан, «Айдай сұлу ару» номинациясын Ақерке Абурасул, «Батыл жігіт» номинациясын Еркін Тоқсан, «Аяулы ару» номинациясын Дариға Сатымжан, «Рухты жігіт» номинациясын Оразбек Адалбекұлы, «Мейірімді ару» номинациясын Ақнұр Мұқанова, «Байсалды жігіт» номинациясын Әлихан Алтынбек, «Парасатты ару» номинациясын Жанна Серікбай, «Мәрт жігіт» номинациясын Бекзат Акчекенов, «Сүйкімді ару» номинациясын Асыл Сламбекова, «Білекті жігіт» номинациясын Айдос Нүркебаев, «Ажарлы ару» номинациясын Динара Курбанова, «Өнерпаз жігіт» номинациясын Дәуірбек Қосан, «Қылықты ару» номинациясын Ақмаржан Серікберлі, «Инабатты ару» номинациясын Аружан Қабылтай, «Жігерлі жігіт» номинациясын Ерлан Құрымбай, «Кербез ару» номинациясын Ақниет Мұса, «Білімді жігіт» номинациясын Әділхан Саят жеңіп алды. «Қайсар жігіт» атанған химия факультетінің студенті Нұрбақыт Ажибай мен «Өнерлі ару» атанған математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Ақбота Хуанган 3 орынды, «Сері жігіт» атанған дене мәдениеті және спорт факультетінің студенті Алдияр Жайлаубаев пен «Көрікті ару» атанған филология факультетінің студенті Ақниет Узиаман 2 орынды иеленді. Ал шетел тілдер факультетінің студенттері — Ескендір Кимаш «Университет сұлтаны», Камила Самат «Университет аруы» атағын жеңіп алды. Барлық қатысушыға дипломмен қатар ақшалай сертификаттар табысталды. Жігіттің сұлтанының қолына қамшы ұстатты. Қазақ халқы қамшыны кие тұтқан. Азаматтың айнымас серігі деп білген. Қазылар алқасының мүшесі, «Vogue» мейрамханасының басшысы кәсіпкер Данияр Қалымбетов мырза «Керемет кештің куәгері болдық. Әр қазақтың жігіті — жігіттің сұлтаны, әр қазақтың қызы — қазақтың аруы деп білемін. Осындай керемет кеш сыйлағандарыңызға рақмет!» дей келе, мәрттік танытып, 1 орын алған «Университет аруы» мен «Университет сұлтанына» 100 мың теңгеден, 2 орын алғандарға 50 мың теңгеден, 3 орын алғандарға 30 мың теңгеден ақшалай сыйақы табыстады.

Салтанат КЕҢЕСБЕКОВА, ақын, қазылар алқасының мүшесі:

Байқау жақсы өтті. Жастық шақ көз алдымызға келді, соны ойнай алды, өз өнерлерін көрсете алды. Ұлттық киімдерді насихаттауда салтанатты шеру де өте жақсы шықты. Барлығы дерлік жоғарғы ұпайды алды. «Әттеген-ай!» дейтін жері — мамандықтарын таныстыру кезінде ашылмай қалды. Әрқайсысы мамандықтың қыр-сырын, шеберлігін ашып көрсетсе екен деп күтумен болдық. Бұл тұрғысынан келгенде химия факультеті ептеп тақырыпқа жақындады. Дене мәдениеті және спорт факультеті тақырыпқа жақындап, өз мамандықтарын ашып көрсетті. Енді әркімнің өзінің шығармашылығы бар, әркімнің өзінің ойы, ортасы бар. Студенттеріміздің арасында кәсіби деңгейге жақындайтын бишілердің, әншілердің болуы бізді қатты толғандырды. Жас толқынға сәт-сапар дейміз!

Қырмызы ЖӘДІГЕРҚЫЗЫ