Батылдық сабағы

Ерлік — ұрпаққа өнеге. Бөкетов университетінің әскери кафедрасында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Батылдық сабағы» өтті.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуде Ауған соғысы батырлары өз естеліктерімен бөлісті.