Конференцияның бірінші бөлігі

2024 жылы 11 мамырда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагерінің әкімшілігі 2-курс эколог студенттерін іс-шара өткізуіне шақырды. Қазақ және орыс бөлімшелерінің студенттері демалушы балаларға «EcoLife» экологиялық күнін өткізді.

Балқаш қаласындағы «Балдәурен» балалар лагеріне саяхат ең алдымен балалар үшін, екіншіден біз үшін ұмытылмас тәжірибе болды. Саяхат олар үшін жаңа көкжиектер ашып, экологияның маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шараның мақсаты — жас қатысушылардың экологиялық санасын арттыруға және оларды қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына тартуға бағытталған экологиялық күнді өткізу.

Балқашқа жол

Саяхатымыздың басы да қызық болды. Біз жиналып, пойызда сапардың жоспарын талқылап, бәрін жөнге келтірдік. Келгеннен кейін бізді керемет қарсы алды және лагерьге апарды. Келген кезде бізді керемет тосын сый күтіп алды. Үлкен топтың балалары бізді әнмен, бауырсақпен қарсы алды. Аттас көлдің жағасында орналасқан Балқаш қаласы ерекше табиғатымен, экологиялық шараларды өткізуге қолайлы жағдайларымен көзе көрінеді.

Іс-шаралар бағдарламасы барлығы 8 станциялардан тұрды. Оны балалар әр топ үшін әзірленген маршрут бойынша дәйекті түрде жүрді.

Биоалуантүрлік станциясында Қазақстанның биологиялық әртүрлілігімен таныстырылды. Экологиялық және климаттық орналасу ерекшеліктері бар ұлттық табиғи парктер, қорғалатын түрлер, табиғи көрікті жерлер туралы қызықты ақпарат берілді.

Орнитология станциясында Қазақстандық биоалуантүрлілік қауымдастығының жұмысымен баларды таныстырды. Экспедициялар және олардың нәтижелері туралы тәжірибие туралы айтылды. Қазақстан құстары және олардың көші-қоны туралы ақпарат беріліп, ойын ойнатылды. Балалар атсалысып, өте жақсы қатысты.

(Орнитология станциясы — Куликова Ю.)

Урбоэкология станциясы тек қана тыңдаушыларды қала құрылысындағы заманауи бағыттармен таныстыра қоймай, балаларды пікір-таласқа тартты. Экологиялық үйлерді құру үшін қандай технологиялар қолдануға болады, мекенді көгаландыру шарттарды ойлап тауып, үй макетін топпен бөлініп құрастыруға көмек көрсетті.

Су мәселесі станциясында Қазақстан Республикасының су ресурстарымен презентация арқылы ақпарат берілді. Өндірістік және ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін суды тұтыну мәселесі туралы балалрмен пікір-талас орнатылып, мәселелерді шешуге әр түрлі ой-түйін айтылды. Оқушылар өз білімдерімен спикерлерді таң қалдырды.

Қызыл Кітап Станциясы. Қазақстанның Қызыл кітабына кіретін өсімдіктер мен жануарлар туралы кішігірім лекция өткізілді. Олардың тіршілік ету ортасының экологиясының ерекшеліктері мен Қызыл кітапқа енгізілген себептері туралы оқушылар өз ойымен бөлісіп, көп нәрсе білді.

(Қызыл Кітап Станциясы — Орумбаева А. Подъячев Р.)

Қарт және теңіз станциясы. Республика экологиясын сақтауға ұжымдық және жеке үлес қосудың қажеттілігін көрсететін көріністі біздің студенттер жүзеге асырды. Бұл көріністен кейін балар басқа станцияларға дейін өзінің эмоцияларымен және ойларымен бөлісті. Көрініс балаларға өте қатты ұнады.

(«Қарт және теңіз» станциясы — Жанбекова Ж.)
(«Қарт және теңіз» станциясы — Любарец А.)

Станция миф мен шындық. Балалар климаттың өзгеруі туралы фактілер мен мифтермен танысты. Спикер және тәрбиелеушілерге жаһандық климаттың өзгеру мәселесін түсіну және шешу тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті.

Жастар және экология болашағы станциясы. Қазақстандағы студенттермен жастарға арналған экологиялық қозғалыстары туралы орта және жоғарғы буындағы жасөспірімдерге LCOY және RCOY конференцияларының мүмкіндіктері туралы айтылды. Презентация арқылы 2 курс студенттердің конференцияға ат салысқаның, басқарып жатқан жоспарларымен балаларды таныстырды. Болашақ жас специалисттер шабыттанып, болашақта әлем өзгертетін жоспар құруға бағыт алды.

(Жастар және экология болашағы станциясы — Асеткызы М.)

Конференцияның екінші бөлігі.

Егер Эко күнінің бірінші бөлігі экология саласындағы балалардың теориялық сауаттылығына арналса, екінші бөлігі ойын-сауыққа толы болды.

Күннің бұл бөлігі «Балдәурен» лагерінің балалары сияқты өте есте қаларлық және оқиғаға толы болды, әр баланың «тілін» тауып, балалардың тапқырлығы мен сыни ойлау қабілеттеріне тәнті болдық, сонымен қатар Балқаштың ылғалды ауасына және әдемі көріністерге қанық тойып оралдық.

Дәмді түскі астан кейін біз шеберлік сабағын өткіздік. Пластикалық бөтелкелерден және ағаш таяқшаларынан жасалған құстарға арналған үйшіктер қалай оңайлықпен жасалатының көрсеттік. Соңында балалардың ең әдемі жұмыстары дипломмен марапатталды.

(Үйшік жасаудан мастер-класс — Асеткызы М. Любарец А. Жексембаев А. Подъячев Р.)
(Балалардың жасаған үйшіктері)

Келесі кезеңде, Экологиялық тақырып бойынша викторина ұйымдастырылды.

Бұл кезеңде үш топ қатысты. Барлық балаларға түсінікті болуы үшін, Сұрақтар қазақ және орыс тілдерінде қойылды. Тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің экологиясына қатысты сұрақтар қойылып, балалардың тапқырлық және дүниетанымдық деңгейі тексерілді.

(Экологиялық викторина — Аллахвердиева Г. Жанбенкова Ж. Хамет Д)

Өздерін мықты жағынан көрсетіп, белсенділік танытты, ал біз өз кезегімізде жүргізуші, ұйымдастырушы және әділ қазы ретінде өзімізді көрсеттік. Нәтижесінде, жасы үлкен жасақ тобы, тәжірибе арқасында жеңіске жетті.

(Марапаттау рәсімі — Асеткызы М. Аллахвердиева Г.)

Келесі кезең квест болды. Түрлі экологиялық жұмбақтардың көмегімен біз барлық топтарды белгілі бір жоспар бойынша бағыттадық, нәтижесінде олар барлық кезеңдерден өтіп, соңғы нүктеге жетуі керек болды. Барлық тапсырмаларды бірінші орындаған топ жеңеді. Осылайша, біз балалардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтылып, олардың көңіл күйлерін көтердік.

(Квест ойынынан естелік)

Ал нәрлі кешкі астан кейін және ұйықтар алдында фитнес би одан кейін дискотека болды. көңіл-күйлеріміз көтеріліп, Балалар үшін де, өзіміз үшін де осындай нәтижелі, қызықты және оқиғаға толы күн ұйымдастыра ала алғанымызға өте қуанышты болып, сарқытымызды алып теміржол вокзалына аттандық.

(Вокзалдан естелк)

Қарағанды қаласына қайта оралған соң, егжей-тегжейлерін, қызықты сәттерді өте ұзақ талқыладық. Бұл күнді күлімсіреп еске алатынымызға және барлығы үшін бұл конференция ең жақсы түрде есте қалатынына сенімдімін.

Балдәурен, Рақмет!

Студентки группы ЭК-22-3р специальность «Экология»
Асеткызы Мадина
Аллахвердиева Гюная