№10(326) 31-10-2022
Жұлдызымен жаққанда аспан үміт,
Кірпігіме қойдыңыз жас тағы іліп.
Сізді қалай сағынып қалғанымды,
Айтқым келіп тұрғаны-ай ақтарылып.
Түпсіз, қалың тұманның ішінде де,
Сезіміме көлеңке түсірмегем,
Келмейтінін ішіңнен сезіп тұрып,
Қандай қиын жауапсыз күту деген?
Көңілімнің қамалын көш бұзады,
Артып қойып жүрсіз бе бос кінәні?
Жылатуға немесе жұбатуға,
Күз де келіп үлгерді...
Жоқсыз әлі...
Айзада БҮРКІТҚЫЗЫ,
Ақын, республикалық, облыстық жыр додаларының жеңімпазы. «Меруерт моншақ», «Біз екеуміз» жыр жинақтарының авторы, Бөкетов университетінің түлегі
Алаш рухының алауы
Біз жанбасақ лапылдап…
Культурная миссия ансамбля «Жаркын»
Жауымбаев Сагындык Убаевич — ученый, археолог, учитель!
Ұлық мереке ұлықталды
Национальная конференция молодежи Казахстана