Университет аруы — Университет сұлтаны
Біздің елдің жігіттері — жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы
Әлемі тұнық, әдемі қылық,
Арулар қандай арайлы
Біздің елдің жігіттері — жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы
Әлемі тұнық, әдемі қылық,
Арулар қандай арайлы
елген жыл қорытындысы бойынша ғылымда, білім саласында елеулі еңбек етіп, жетістікке жеткен оқу ордамыздың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің джаз оркестрі мен Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры оркестрі өнер көрсетіп, жаңа жылдық бағдарламаның көркін кіргізді. Залды өзіне баураған күй көптің асыға күткен «Екі жұлдыз» байқауының финалдық кезеңіне ұласып, «Екі жұлдыз — екі бақыт көктегі» деп сайрады.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Бөкетов университетінде адамзаттың аза жырын жырлаған ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Танымдық шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық, өңірлік комиссия мүшелері, жиырма бір елдің Қазақстан Республикасындағы елшілері, ақын-жазушылар, тарихшылар, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысты. Арқаның ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлы: «Бұл ерекше поэма. Бұған Ғалым үлкен дайындықпен келді. Қарлаг туралы біздің топырақтың бір баласы жазуы керек болатын. Соны Ғалым жазды. «Қара орамал» қазақ поэзиясындағы орны бөлек құбылыс», — деп жоғары баға берді.
Ерлік — ұрпаққа өнеге. Бөкетов университетінің әскери кафедрасында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Батылдық сабағы» өтті.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуде Ауған соғысы батырлары өз естеліктерімен бөлісті.